Жетісу облысында көші-қон полицейлері профилактиканы күшейтті
Жетісу облысында көші-қон полицейлері профилактиканы күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметі полицейлері аудандық инспекторлармен бірлесе отырып, миграциялық заңнаманың талаптарының бұзылуына жол бермеу және алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық және бақылау шараларын жүргізіп келеді.
Профилактикалық тексерулер барысында шетел азаматтарының ел аумағында заңды болуына, еңбек қызметін жүзеге асырудағы белгіленген тәртіптің сақталуына, сондай-ақ қабылдаушы тарап жұмыс берушілер мен тұрғын үй иелерінің міндеттерін орындауына ерекше назар аударылады.
Мұндай шаралар көші-қон саладағы ықтимал құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. Бақылау жұмыстары қатарында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.
Шетел азаматтары мен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы көші-қон заңнамасының талаптары, тіркеу тәртібі, заңды еңбек қатынастарының шарттары және олардың сақталмауының жауапкершілігі жан-жақты түсіндіріліп беріледі.
Профилактика құқық тәртібін қамтамасыз етудегі негізгі құрал болып қала береді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтуға және миграциялық заңнама талаптарына бағынушылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Мұндай шаралар әрі қарай да жалғасады, өйткені миграциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіптің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
