Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар екі күдікті ұсталды

Жетісу облысының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілерді ұстауды Ақсу ауданының полицейлері жүргізді. Оларға бір күн бұрын бұқаны ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жергілікті тұрғындар болып шыққан екі күдіктіні анықтай алды.

Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды. Тексеру кезінде ұсталғандардың аймақтағы тағы бірнеше мал ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

– Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды. Қазір олардың біздің ауданда болған мал ұрлығының 4 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұрын ұрланған малды олар сойып, сатып жібергені анықталды. Екеуіне де қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру