Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Жетісу облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы Көксу ауданында полиция қызметкерлері бұрын жазаға тартылғанына қарамастан, мас күйінде қайта көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстады.

Аудан тұрғыны ИЖ-2715 көлігін басқарып, Балпық би ауылындағы Азизбеков көшесімен сенімсіз әрі бейберекет қозғалған. Бұл оған полиция назарын аударуына себеп болды. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің айқын иісі сезілді. Ол медициналық айықтырғышқа жеткізіліп, сараптама нәтижелері оның мас күйде болғанын растады.

Тергеу барысында 2024 жылы Талдықорған қалалық сотының шешімімен аталған азамат мас күйінде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Алайда сот шешіміне қарамастан, ол тиісті қорытынды жасамай, заңды қайта бұзған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік тізгіндемеуге тағы да шақырады. Мұндай бейқамдықтың бағасы тым қымбат болуы мүмкін. Әрі жүргізушінің өзі үшін, әрі кінәсіз айналасындағы адамдар үшін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру