Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарған азамат анықталды

Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсанға қараған түні Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылында полиция қызметкерлері жолдағы кезекті қауіпті құқық бұзушылықтың алдын алды. Түн жарымда тәртіп сақшылары мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мотоциклмен кетіп бара жатқан күдік тудырған жүргізушіні тоқтатты. Тексеру барысында 45 жастағы азаматтың мас күйінде көлік басқарғаны анықталды.

Сонымен қатар 2021 жылы Ақсу аудандық сотының қаулысымен ол 15 тәулікке қамауға алынып, көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны белгілі болды. Бұрын қолданылған санкцияларға қарамастан, ер адам заңды да, айналадағы адамдардың қауіпсіздігін де елемей, қайта рөлге отырған. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Полицияның айтуынша, мас жүргізуші — тіпті мотоцикл жүргізушісі болса да, адам өміріне төнетін үлкен қауіп. Алкогольдік мас күйде, әрі көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау — жай талап емес, адам өмірін сақтау мәселесі екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру