Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында медицина мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жетісу облысында медицина мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері медицина мекемелерінің қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында өтіп, басты назар медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.

Жиын барысында денсаулық сақтау нысандарының техникалық қорғалу деңгейіне ерекше мән берілді. Полиция өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Бұл — бейнебақылау жүйелерін, дабыл түймелерін және басқа да күзет құралдарын орнатуды қамтиды. Құқық қорғау органдары медицина мекемелерінің қызметкерлері мен күзетшілерімен бірлесіп, үнемі оқу-жаттығу шараларын өткізіп тұрады. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайларда, соның ішінде штаттан тыс оқиғалар немесе келушілер тарапынан агрессивті әрекеттер орын алған кезде әрекет ету алгоритмдерін уақытылы пысықтауға мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері кездесуге қатысушыларға қауіпсіздік деңгейін арттыруға және күзет жүйесін күшейтуге бағытталған практикалық ұсыныстарын айтты. Әсіресе, профилактикалық шараларға және күштік құрылымдар мен медицина ұйымдарының өзара іс-қимылына баса назар аударылды.

— Қауіпсіздік — басты басымдық. Азаматтардың денсаулығы үшін күнделікті еңбек етіп жүрген адамдардың тыныштығы мен қорғалуын қамтамасыз ету тек тығыз ынтымақтастық негізінде жүзеге асады. Жұмыс кездесуі конструктивті жағдайда өтіп, оның қорытындысы өңірдегі медициналық инфрақұрылымның қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған тағы бір нақты қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру