Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған күдікті құрықталды
Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қалалық полициясында мектептен ноутбук ұрланғаны туралы арыз тіркелді. Бірнеше сағат ішінде тәртіп сақшылары ұрланған кеңсе техникасын тауып, оқушыларға қайтарып берді.
Ұрлық жасады деген күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
– Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті құрылыс бригадасымен бірге мектептегі жеке кабинеттерді жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ноутбукті түнде шығарған. Қазір ноутбук заңды иелеріне, яғни оқушыларға қайтарылды, – дейді Талдықорған полициясы.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.