Жетісу облысында мектептер маңына полицейлер балалар макетін және стробоскоптар орнатты
Жетісу облысында мектептер маңына полицейлер балалар макетін және стробоскоптар орнатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Талдықорған қаласындағы өңірлік коммуникациялар орталығының алаңында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары мен олардың алдын алу бойынша жүргізілген профилактикалық жұмыстардың статистикасы туралы сөз қозғады.
– Жүргізушілердің назарын аудару мақсатында мектеп мекемелерінің жанында балалардың фигуралары бейнеленген 88 макет, ал 9 жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл және көк маяктары бар стробоскоптар орнатылды. Сонымен қатар оқу орындарының, оның ішінде жоғары оқу орындарының жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінде «ТОҚТА!», «Құлаққапты шеш», «Баланың қолынан ұста» және т.б ескерту белгілері қойылды, – дейді облыстық ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов атап өтті.
Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен 92 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғаларында 12 бала қаза тауып, 114 түрлі дене жарақаттарын алған. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, полицейлер халық арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша буклеттер мен жадынамалар таратудың бұрынғы әдісіне көшіп жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнероликтер мен баяндамалардың көрсетілімі ұйымдастырылды. Оқу орындарында жас тобына сәйкес оқушыларға жол қауіпсіздігі талаптарын оқыту жүргізіледі, сондай-ақ самокаттар мен скутерлерді пайдалану ережелері түсіндіріледі.
– Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу – бүкіл қоғамның проблемасы. Балаларды жолда өзін дұрыс ұстауға үйретуді ерте жастан бастау керек. Мұғалімдер мен ата-аналардың міндеті – оқушыларды сауатты, тәртіпті жол қозғалысына қатысушылар етіп тәрбиелеу, – деп түйіндеді Қайсар Мухметов.