Жетісу облысында нашақорлықпен күрес қарқынды жүріп жатыр
Жетісу облысында нашақорлықпен күрес қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың 11 айында полиция бөлімшелері елеулі нәтижелерге қол жеткізді. 173 есірткі қылмысы тіркеліп, 730 келіден астам есірткі заты тәркіленді.
Заңсыз айналым үшін 130 азамат ұсталды. 36 келіден астам тыйым салынған зат тәркіленді. Есірткі жарнамасы бар 2 900 Telegram арна мен сайт бұғатталды. Жастар арасында 1 000-нан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Нашақорлықты насихаттайтын 107 граффити жазбалары жойылды.
— Әр анықталған дерек пен тәркіленген әр грамм — адамдардың шынайы қауіпсіздігі. Жетісу қауіпсіз аймақ болып қалуы үшін жұмысты одан әрі күшейтеміз, – деп атап өтті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы.
