Жетісу облысында оқушылар тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
Жетісу облысында оқушылар тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда мектеп оқушылары патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шығып, құқықтық тәртіпті сақтау жұмысына тікелей қатысты.
Шара барысында оқушылар патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен бірге қоғамдық орындарды бақылап, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына көз жеткізді. Жол бойында құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу, хаттама толтыру сияқты сәттерге куә болып, полиция қызметінің жауапкершілігін сезінді.
Оқушылар үшін бұл тәжірибе құқықтық мәдениетті арттырып, полиция жұмысының маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар жасөспірімдердің заңға деген құрметін қалыптастырып, қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруды көздейді.