Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында орман өртінің алдын алу шаралары күшейтілді

Жетісу облысында орман өртінің алдын алу шаралары күшейтілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың өрт қаупі кезеңінде Жетісу облысы аумағында табиғи ортада өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді. Мемлекеттік коммуналдық мекеме – “Орман шаруашылығы” қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментімен және өңірлік экологиялық полициясымен бірлесіп, орман алқаптарында және өрт қаупі жоғары аумақтарда тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Аталған рейдтердің басты мақсаты – өрттің алдын алу, сондай-ақ демалыс орындарында және ашық табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына жол бермеу. Мамандар аумақтарды аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолданады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар өрт қаупі бар маусым бойы тұрақты түрде өткізіледі. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз: рұқсат етілмеген жерлерде от жақпауға, ашық от көздерін қараусыз қалдырмауға және шылым шоғын немесе басқа да жанғыш заттарды тастамауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру