Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында отбасылық құндылықтарды қолдау тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жетісу облысында отбасылық құндылықтарды қолдау және мұқтаж жандарға көмек көрсету тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні аталып өтетіні белгілі. Осыған байланысты Жетісу облыстық полиция департаменті дағдарыс орталығымен бірлесіп, отбасылық құндылықтарды насихаттауға және отбасылардың тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететін шараларды талқылауға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Осы іс-шаралар аясында “Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі” ұранымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған отбасылық қолдау орталығының өкілдері, учаскелік инспекторлар және басқа да мүдделі органдар қатысты.

Қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасылармен жұмыс істеуге, ана мен бала құқықтарын қорғауға, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу шараларына ерекше назар аударылды. Іс-шаралар аясында 94 адамға көмек көрсетілді, оның ішінде 27 әйел мен 64 бала бар. Дағдарыс орталығы 5 ананы жұмысқа орналастыруға және 6 адамға құжаттарды қалпына келтіруге қол ұшын берді.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде отбасылық құндылықтарды, әсіресе жас отбасылар арасында сақтаудың маңыздылығы талқыланды. Ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы ерекше атап өтілді. Қоғам ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту үшін осы бағытта күшейтілген жұмыс қажеттігін көрсетті.

Жетісу облысы ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов отбасыларды мерекемен құттықтап, оларға бақыт, амандық және  еңбекте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру