Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында өзгенің мүлкін ұрлау фактісі бойынша 456 қылмыс тіркелген

Жетісу облысында өзгенің мүлкін ұрлау фактісі бойынша 456 қылмыс тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мопед, велосипед және мотоцикл ұрлығының алдын алу, бөтеннің мүлкін ұрлаумен күресудің маңызды бағыттарының бірі.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, ұрлықтың көп бөлігі азаматтардың өз мүлкіне салғырт қарауынан орын алады. Көбіне мопедтер, велосипедтер мен мотоциклдер кіреберіс жанында, тұрғын үйлердің аулаларында немесе дүкендердің алдында қараусыз қалады.

Қаскүнемдер көбінесе велосипедтерін құлыптамай немесе арнайы сақтық құрылғыларын пайдаланбай қалдыратын иелердің немқұрайлылығын пайдаланады.

– Жыл басынан бері Жетісу облысы полиция департаментінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша 456 қылмыс тіркеліп, оның 350 ашылды. Бұлардың ішінде 25 жағдай – велосипедтер, мопедтер мен мотоциклдерді ұрлау. Осы фактілер бойынша 16 адам ұсталып, ұрланған мүлік заңды иелеріне қайтарылды. Қалған 9 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп атап өтті ПД КПБ бөлім бастығы Серік Демейов.

ЖКО фактілерінің жиілеуіне байланысты екі дөңгелекті көлікке қойылатын талаптар артып, олардың қозғалысы бейнекамералармен бақылануда. Курьерлер мен мопедтерде тамақ жеткізу функцияларын орындайтын тұлғаларға ұдайы негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жетісу облысының полиция департаменті ұсынады:

– Велосипедтерді, мопедтерді және скутерлерді есік алдына және көп қабатты үйлердің кіреберісінде қалдырмаңыз;

– Екі дөңгелекті көліктеріңізді бейнекамералармен жабдықталған орындарға қойыңыз;

– Ұрлық болған жағдайда дереу 102 арнаға хабарлаңыз.

Бұл шаралар Сіздің мүлкіңізді қорғауға және ұрлықты алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру