Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейдің анасы медальмен марапатталды

Жетісу облысында полицейдің анасы медальмен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Текелі қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Алпысбаевичтің анасы – Биембаева Қания Қасымқанқызы «Офицердің анасы» медалімен марапатталды.

Бұл құрметті атақ полиция қызметкерлерінің ата-аналарына олардың балаларының қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жауапты еңбегі үшін беріледі. Бұл марапат – ананың тәрбие мен отбасы құндылықтарын насихаттаудағы зор еңбегін көрсетеді.

Қания Қасымқанқызы 1952 жылы 1 мамырда Ақсу ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін мал шаруашылығында еңбек етіп өткізген. Қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста, бірақ артында үлкен еңбек жолы мен үлгілі отбасы қалдырды.

Қания Қасымқанқызы төрт бала – үш ұл және бір қызды тәрбиелеп өсірді. Оның балалары отбасылық тәрбие мен қоғам алдындағы жауапкершілікке негізделген өнегелі тәрбиені бойларына сіңірді. 12 немересінің сүйікті әжесі бола отырып, олардың да өмір жолында дұрыс бағыт беру үшін үлкен қолдау көрсетіп келеді.

Нұрлан Алпысбаевичтің қызметі қоғам тыныштығы мен заңдылықты сақтауға бағытталған. Оның осындай биік белестерді бағындыруына анасының ықпалы зор. Қания Биембаева ұрпақтарының ел үшін қызмет етіп, қоғамға пайдасын тигізгенін әрдайым мақтан тұтады.

«Офицердің анасы» медалі – тек марапат емес, ана жүрегінің мейірімі мен тәрбиесінің елге тигізген игілігінің белгісі. Мұндай құрметті марапаттар еліміздегі тәртіп сақшыларының еңбегін жоғары бағалаумен қатар, олардың артында тұрған отбасының да үлесін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру