Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер футболдан бақ сынасты

Жетісу облысында полицейлер футболдан бақ сынасты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті. Бұл турнир бірден бірнеше айтулы оқиғаға арналды — “Динамо” спорт қоғамының 100 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және соғыс ардагері, Жетісулық милиция генералы Әбдіқадыр Болсамбековке құрмет ретінде ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатында Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, аға буын ерлігін, дәстүр мен тарихты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ спорттың ұжымдық рухты нығайтып, ішкі тәртіпті бекемдейтінін де ерекше атап өтті.

Турнирге облыстың барлық 10 ауданынан келген командалар қатысты. Тартысты әрі әділ өткен бәсеке нәтижесінде Талдықорған қаласының командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Кербұлақ ауданының, ал үшінші орынға Сарқан ауданының командалары ие болды.

Жарыстың ең үздік 15 ойыншысы ерекше ойын мен спорттық рухы үшін естелік медальдармен марапатталды.

Бұл шара ұрпақтар сабақтастығының, тарихқа құрмет пен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың айқын көрінісіне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру