Жетісу облысында полицейлер мас жүргізушінің жолын кесті
Жетісу облысында полицейлер мас жүргізушінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқару – бұл тек заң бұзушылық емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп. Мас күйде рөлге отырған әрбір адам өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Себебі бір сәттік қате әрекет орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Дәл осындай жағдайда Талдықорғанда полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ер адам Nissan Almera автокөлігін мас күйде басқарып, жүргізуші куәлігінсіз жүргені анықталды. Автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін азамат жауапкершілікке тартылады. Қазіргі таңда іс материалдары сотқа жолданды.
Қырағы полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды десек болады. Мас жүргізуші – қауіпті тұлға. Өзіңізді және өзгелерді қорғаңыз – мас күйде рөлге отырмаңыз!
