Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер мен мектеп менторлары күш біріктірді

Жетісу облысында полицейлер мен мектеп менторлары күш біріктірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері мектеп менторларымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасап, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Мұндай ынтымақтастық жасөспірімдер бойында заңға, қоғамға деген құрметті және дұрыс өмірлік бағыттарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Менторлар — өмірлік және кәсіби тәжірибесі мол, оқушылардың дамуына көмектесіп, қолдау көрсететін, білімдерімен бөлісіп, күрделі сұрақтарға жауап табуға жәрдемдесетін жандар. Олар жасөспірімдер үшін тәлімгер, жігерлендіруші әрі кеңесші бола отырып, өз күшіне сенуге және дұрыс өмір жолын таңдауға көмектеседі.

Бұл жұмыста құрметті демалысқа шыққан полиция қызметкерлерінің рөлі ерекше. Отставкадағы полиция полковниктері жастарға көмектесуді жалғастырып, өз тәжірибелерін бөлісіп, тәртіпке құрметті қалыптастырып, оқушылардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру