Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер қызметтік иттермен пошта жөнелтілімдерін тексерді

Жетісу облысында полицейлер қызметтік иттермен пошта жөнелтілімдерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының мамандарымен бірлесе отырып, "Қазпошта" АҚ бір бөлімшесінде профилактикалық іс-шара жүргізді. Тексеру барысында қызметтік-іздестіру иттері келіп түскен және жөнелтілетін пошта сәлемдемелерін тыйым салынған заттардың бар-жоғына мұқият тексерді.

Мұндай форматтағы рейдтер есірткіні пошта арналары арқылы жөнелту әрекеттерін дер кезінде анықтауға және заңсыз схемаларды ерте кезеңде-ақ тоқтатуға мүмкіндік береді. Іс-шараның басты мақсаты — құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу ғана емес, сонымен қатар азаматтардың есірткі айналымына қатысудың ауыр салдары туралы хабардарлығын арттыру.

Пошта қызметкерлеріне есірткіні сақтау, тасымалдау және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ескертіліп, күдікті сәлемдемелер анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.

Полицейлер әрбір азамат заңды сақтау үшін жауапты екенін еске салады. Қырағылық пен дер кезінде хабар беру және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және өңір тұрғындарын есірткі қылмыстарына қатысты қауіптен қорғаудың маңызды шарттары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру