Жетісу облысында полицейлер студенттерге дәріс өткізді
Жетісу облысы ПД КПБ қызметкерлері Жетісу университетінің студенттеріне лудомания және тәуелділіктің басқа түрлерінің алдын алу тақырыбына арналған дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Лудомания немесе ойынға тәуелділік – бұл жастар арасында белең алған күрделі мәселе. Бұл зиянды дүние психиканы бұзып қана қоймайды, сонымен қатар адамның әлеуметтік жағдайына, оқуына және болашағына теріс әсер етеді. Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге тәуелділіктің алғашқы белгілерін қалай тануға болатынын, осы жағдайға қандай психологиялық және әлеуметтік факторлар әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ өздерін және жақындарын қорғау үшін қабылданатын шаралар туралы айтты.
Оқытушылар лудомания жеке адамға зиян келтіріп қана қоймай, заңсыз әрекеттерге алып баратынын айтты. Атап айтқанда, кейбір тәуелді адамдар қаржылық қиын жағдайға тап болып, ойынды жалғастыру үшін құқық бұзушылықтар жасайды.
Полиция қызметкерлері жастарды өзіне және жақындарына мұқият болуға, тәуелділіктің алғашқы белгілерінде көмек сұрауға және өз мәселелері туралы айтуға ұялмауға шақырды.