Жетісу облысында полицейлер "Жас сақшы" сыныптарының оқушыларымен кездесті
Жетісу облысында "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлері "Жас сақшы" сыныптарына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта облыстық полиция департаментінің қызметкерлері арнайы "Жас сақшы" сыныптарының оқушыларымен кездесті.
Болашақ құқық қорғаушыларға құқықтық сауаттылық, жауынгерлік және арнайы дайындық, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыптарында сабақтар өткізілді. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың жауапкершілігін, тәртіпті қалыптастыруға және қоғамға қызмет етуге даярлығын арттыруға бағытталған. Кездесу барысында полиция қызметкерлері "Жас сақшы" сыныптарының кадеттеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен замандастарына үлгі бола білгендері үшін алғыс білдірді. Полицейлердің айтуынша, жастардың мұндай жобаларға қатысуы – заңға құрметпен қарауды, қауіпсіздік мәдениетін және отансүйгіштікті қалыптастырудың маңызды тетігі.
Полиция қызметкерлері алдағы уақытта да жастармен өзара іс-қимылды нығайтып, өскелең ұрпақты қауіпсіз қоғам қалыптастыруға белсенді түрде тартуды жоспарлап отыр.