Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер жоғалған 18 жылқыны тауып, иесіне қайтарды

Жетісу облысында полицейлер жоғалған 18 жылқыны тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кербұлақ ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға жоғалған 18 бас жылқысын қайтаруға көмектесті.

11 ақпанда Қоғалы ауылының тұрғыны полицияға малының жоғалғаны туралы арызданған. Оның айтуынша, 25 қаңтарда ол жылқыларын Көксу ауданының аумағына жайылымға жіберген, алайда бірнеше күннен кейін малын тексерген кезде олардың жоқ екенін байқаған. Ер адам біраз уақыт өз бетінше іздеп көргенімен, нәтиже шықпаған. Тек екі апта өткен соң ғана ол полициядан көмек сұраған.

Кеш хабарлағанына қарамастан, полицейлер дереу іздестіру шараларына кіріскен. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары 18 жылқыны тауып, иесіне қайтарып берген.

Мал иесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, жылқыларын қайтарып бергені үшін алғысын білдірді.

Жетісу полициясы ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне жайылым ережелерін сақтауды ескертеді. Мал жоғалған жағдайда оны тез арада хабарлау іздеу жұмыстарын жеңілдетеді. Сонымен қатар жайылым ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру