Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмектесті

Жетісу облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің қызметі тек қоғамдық тәртіпті сақтаумен шектелмейді. Олар қиын жағдайға тап болған азаматтарға да дер кезінде көмектеседі.

Мысалы, Үшарал – Достық тасжолында қатты көктайғақ және көріну қашықтығының күрт төмендеуі салдарынан жүк көлігі жолда тұрып қалды. Жүргізуші жол ортасында қиын жағдайға тап болған.

Хабар алған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетті. Олар жүргізушіге көлік дөңгелектеріне шынжыр орнатуға көмектесіп, жүк көлігін жолдың қауіпсіз бөлігіне шығарды.

Жүргізушінің жолын әрі қарай қауіпсіз жалғастыра алатынына көз жеткізгеннен кейін ғана тәртіп сақшылары өз патрульдік қызметін жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру