Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Жетісу облысында полиция есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтармен күнделікті негізде алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға қажетті көмек көрсету.

Қазіргі уақытта Жетісу облысында профилактикалық есепте 4 046 азамат тұр. Оның ішінде 2 241 адам алкогольге тәуелді ретінде есепке алынған.

Полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тұрақты түрде тексерулер жүргізіп, профилактикалық әңгімелер өткізеді, заң талаптарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың салдары мен жауапкершілігі туралы ескертеді. Әсіресе алкогольді шамадан тыс тұтынатын азаматтармен жұмысқа ерекше назар аударылады, өйткені масаң күйде жасалатын тұрмыстық жанжалдар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – профилактиканың маңызды бағыты.

Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда алкогольге тәуелді азаматтар медициналық куәландырудан өткізіліп, мамандандырылған наркологиялық мекемелерге емделуге жіберіледі.

Жетісу облысының полициясы профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстар “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асырудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтеді. Бұл жұмыстар қылмыстың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және өңір тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру