Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция «Есептегі тұлға» ЖПІШ өткізіп жатыр

Жетісу облысында полиция «Есептегі тұлға» ЖПІШ өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 маусымнан бастап жергілікті полиция қызметі мен пробация қызметкерлері бірлесіп «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

– Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айырусыз жазалауға сотталған, есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу, сондай-ақ олардың алдын алу, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Тексерулерді жүзеге асыру үшін, учаскелік инспекторлар мен пробация қызметінің қызметкерлерінен тұратын 8 мобильді топ құрылды. Осы топтар тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулерден басқа, есептегі тұлғалардың тарапынан құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау мақсатында ақпараттық іздеу жүйелері бойынша тексеруді жүзеге асырады. ЖПШ барысында 300-ге жуық есептегі тұлға тексерілді, 15 құқық бұзушылық анықталды.

– Есептегі тұлғалармен құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, жазаны өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін жауапкершілік қайта түсіндіріледі, – деп толықтырды А. Белгібаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру