Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар ұйымдастырды

Жетісу облысында полиция есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 5 наурызында Жетісу полицейлері есірткі қылмысына қарсы күреске бағытталған бірнеше алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды. Солардың бірі – мемлекеттік қызметшілермен өткен кездесу болды. Шара барысында полицейлер синтетикалық есірткі тұтынудың зиянды салдары мен олардың заңсыз айналымы үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы баяндады. Сонымен қатар қатысушыларға нашақорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Мемлекеттік қызметшілер белсенділік танытып, пікір алмасып, сұрақтар қойды. Олар есірткі пайдалану және таратуға байланысты әртүрлі жағдайларды талдап, құқық қорғау органдарының нақты тәжірибесінен алынған мысалдарды қарастырды. Семинарға барлығы 120 адам қатысты.

Одан кейін Сарыөзек ауылында “Біз есірткіге қарсымыз” атты нашақорлыққа қарсы акция өтті. Оған полиция қызметкерлері, Кербұлақ ауданы жастар орталығының рухани-адамгершілік бағыттағы тәлімгерлері, сондай-ақ Сарыөзек орта мектебінің “Жалын” қозғалысының еріктілері қатысты. Акция барысында қатысушылар 260-тан астам ақпараттық буклеттер таратты.

Күннің соңында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы Б. Римова атындағы орта мектепте профилактикалық дәріс өтті. Кездесуде есірткінің денсаулыққа, психикаға және адам өміріне әсері, сондай-ақ заңды жауапкершілік мәселелері талқыланды. Дәріске 50-ден астам оқушы қатысты.

Мұндай бастамалар жастардың есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыруға ықпал етіп, олардың қоғамда таралуын азайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру