Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуде

Жетісу облысында полиция есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы негізгі мақсаттардың бірі – полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласы полиция басқармасының жеке құрамымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлеріне есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары, заңсыз есірткі айналымы фактілерін анықтау кезіндегі әрекет ету тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Арнайы назар жасырын қойып кетушілерді анықтау және ұстау алгоритміне, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтарды дұрыс құжаттау мен профильдік бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелеріне аударылды.

Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлерге құқықтық сауаттылықты нығайтуға бағытталған есірткіге қарсы мазмұндағы брошюралар таратылды.

– Есірткі қылмысына қарсы тиімді күрес әрбір қызметкерден заңды терең білуді, кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етуді талап етеді. Біздің міндетіміз – заңсыз есірткі айналымының кез келген фактісін дер кезінде анықтап, оның жолын кесу, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру