Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды

Жетісу облысында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының әділет департаментінде мекеме қызметкерлерімен кешенді профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы және жол-патрульдік полиция қызметінің инспекторлары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін жете түсіндіру болды.

Полиция қызметкерлері қатысушыларға есірткі қылмыстарының қоғамға тигізер зияны, олардың алдын алу жолдары туралы нақты мысалдармен баяндады. Сонымен қатар қазіргі таңда белең алып отырған интернет-алаяқтықтың түрлері, олардан қалай сақтану керектігі, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау жолдары жөнінде пайдалы ақпарат ұсынылды.

Жол-патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жауапкершілігі туралы түсіндіріп, көлік жүргізу кезінде жиі кездесетін заң бұзушылықтар жөнінде ескертулер берді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Мұндай іс-шаралар – құқықтық сананы көтерудің, азаматтық жауапкершілікті арттырудың және қауіпсіз қоғам қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру