Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданды

Жетісуда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаменті 2025 жылдың алғашқы алты айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын шығарды. Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрі ұсынған “Заң мен Тәртіп” қағидатын жүзеге асыру аясында өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданды.

Полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов атап өткендей, облыста қылмыс деңгейі төмендеп, құқық бұзушылықтар азайған. Бұл – профилактикалық шаралардың жүйелі түрде жүргізілуінің нәтижесі.

Қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың және отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тиімді атқарылуда.

Бірқатар аудандарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша оң динамика байқалады.

Қылмыстық істерді сотқа жолдау көрсеткіштері бойынша жоғары нәтиже көрсеткен бөлімшелер атап өтілді. Бұл – полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жауапты еңбегінің көрінісі.

Кеңес барысында жол-көлік оқиғаларының өсу себептері талданып, алдын алу шаралары қаралды. Жіберілген кемшіліктерге байланысты жауапты басшылар тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.

Жетісу облысының полициясы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру