Жетісу облысында қоғам белсендісі жас сақшылармен шағын сұхбат өткізді
Жетісу облысында қоғам белсендісі жас сақшылармен шағын сұхбат өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының танымал тұлғасы әрі белгілі блогері Эмин Хаджиев "Жас сақшы" қозғалысының оқушыларымен шағын сұхбат өткізді. Олар бүгінде өскелең ұрпақтың қандай болуы керегін мықты, мақсатшыл әрі заңға бағынатын — нақты ісімен көрсетіп жүр.
Кездесудің басты кейіпкерлері "Жас сақшы" сыныбының қыздары болды. Сымбатты, спортпен шұғылданатын және тәртіпті. Сұхбат барысында олардың әрқайсы күн тәртібін бөлісті. Жауаптары таңғалдырмай қоймады. Осындай жас болса да, олар тәртіптің, жауапкершіліктің және заңның мәнін айқын түсінеді.
Жас сақшылардың күні ерте тұрудан, дене шынық және саптық дайындықтан басталады. Бағдарламада тактикалық және атыс дайындығы, тәртіпті шыңдау, сондай-ақ автоматты бөлшектеу және қайта жинау жаттығулары бар. Мұның барлығы тек физикалық төзімділікті ғана емес, сонымен қатар берік мінезді, қызметке деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
— Осы қыздарға қарап, еліміздің болашағы бар екенін түсінесің. Көздерінде — саналы көзқарас, сөздерінде — сенімділік, ал іс-әрекеттерінде — темірдей тәртіп. Бұл — Жетісу облысының шынайы мақтанышы, — деп атап өтті полиция департаментінің өкілдері.
"Жас сақшы" полиция сыныбы — бұл тек форма мен саптық қадам ғана емес. Бұл — ар-намыс, тәртіп пен жауапкершілік жоғары бағаланатын өмір салты. Олар бүгіннің өзінде құрдастарына үлгі болып, күштің тек бұлшық етте емес, ең алдымен мінезде екенін дәлелдеп келеді.
