Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоғамдық орында мас күйде жүрудің 100-ден астам дерегі тіркелді

Жетісу облысында қоғамдық орында мас күйде жүрудің 100-ден астам дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының аумағында 20-29 қаңтар аралығында республикалық “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау.

https://youtu.be/UQH87RAx68w

Профилактикалық жұмыстың алғашқы жеті күнінде облыс аумағында келесідей шаралар атқарылды:

• 53 қорғау нұсқамасы шығарылды;

• Сотпен 17 ерекше талап қойылды;

• 17 азаматқа спирттік ішімдікті пайдалануға тыйым салынды;

• Жалпы 61 азамат ішкі істер органдарының тізімдік есебіне енгізілді.

Тексеріс барысында қорғау нұсқамасын бұзудың 6 дерегі, ерекше талаптарды бұзудың 5 дерегі анықталды.

Іс-шара аясында қылмыстың алдын алу мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайлары анықталып, төмендегідей деректер тіркелді:

• ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 440-бабы бойынша (қоғамдық орындарда мас күйде жүру немесе спирттік ішімді ішу) – 124 құқық бұзушылық;

• 200-бабы бойынша (алкоголь өнімін сату ережелерін бұзу) – 12 дерек;

• 423-1 бабы бойынша (21 жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сату) – 2 дерек.

Жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында арнайы жұмыстар жүргізілуде. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі бойынша (442-бап) 127 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

“Тұрмыс” іс-шарасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Құқық қорғау органдары отбасылық-тұрмыстық саладағы заң бұзушылықтардың әрбір фактісін ерекше бақылауға алып, қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жан-жақты жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру