Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыс жалғасуда

Жетісу облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыс жалғасуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Әсіресе Текелі қаласында ауа райының өзгеруіне байланысты жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізу мәдениетін арттыру және жолдағы қайғылы жағдайларды болдырмау. Полицейлер автокөлік иелерімен түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлікті маусымдық дайындау және жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жол қателікті кешірмейді. Рөлдегі бір ғана ұқыпсыз қимыл орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір жүргізуші тек өзінің ғана емес, жолаушылар мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Жетісу облысының полициясы жүргізушілерді жолда мұқият, тәртіпті әрі өзара сыйластық танытуға шақырады. Өйткені тек ортақ күш-жігердің арқасында ғана өңірдегі көлік қозғалысын шынымен қауіпсіз етуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру