Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

Жетісу облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында "Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері барлық аудан мен қоғамдық маңызы бар орындарды қамтыған ауқымды тексерулер жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жазалау емес, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Әсіресе базарлар мен сауда орындарына ерекше назар аударылды. Нарықтарда полиция қызметкерлері түтінсіз темекіні заңсыз айналымнан алып тастады. Бұл өнім тек адам денсаулығына ғана емес, қоғамның моральдық құндылықтарына да зиян келтіріп, жастардың жауапкершілік пен мінез-құлық нормалары туралы түсінігін бұрмалайды.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып сатылған алкоголь өнімдері де тәркіленді. Рейдтік іс-шаралар барысында дүкендер мен сауда павильондары алкоголь және темекі өнімдерін сату ережелерінің сақталуы, оның ішінде оларды кәмелетке толмағандарға сатуға жол бермеу тұрғысынан тексерілді. Әрбір анықталған құқық бұзушылыққа құқықтық баға беріліп, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздік — тек полицияның ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Алғашында ұсақ болып көрінетін құқық бұзушылықтарға бейжай қарау уақыт өте келе үлкен мәселелерге әкеледі. Бүгін насвайға немесе заңсыз алкоголь саудасына көз жұма қараған жерде, ертең қылмыс, агрессия және қоғамдық құндылықтардың әлсіреуі орын алуы мүмкін.

Дәл осы себепті профилактика бүгінде аулаларда, көшелерде және тұтас аудандарда тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз етудің ең тиімді құралына айналып отыр.

"Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы Жетісу облысында алдағы уақытта да жалғасатын болады. Өйткені қауіпсіздік — ең алдымен өз аулаңдағы тәртіптен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру