Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Жетісу облысында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары полиция қызметінің негізгі басым бағыттарының біріне айналды. Құрылған сәтінен бастап профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қылмысқа итермелейтін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.

Жұмыстың негізінде – қылмыстылық ахуалын жан-жақты талдау, профилактикалық шаралардың тиімділігін тұрақты мониторингтеу және мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қызметтермен тығыз өзара іс-қимыл жасау қағидаты жатыр.

Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының бастамасымен 2026 жылдың қаңтар айынан бастап өңірдің барлық аудандарында профилактикалық кабинеттер ашылды. Олардың мақсаты – полицияның білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ маскүнемдікке және құқық бұзушылыққа бейім азаматтарға заң мен тәртіп жолына түсуге қолдау көрсету.

Жыл басынан бері психологтар мен нарколог мамандардың қатысуымен 1154 профилактикалық іс-шара өткізілді. Негізгі жұмыс алкоголь және есірткіге тәуелді тұлғаларға, отбасылық жанжал шығаратын азаматтарға, қолайсыз отбасыларға, пробация қызметінің есебінде тұрғандарға, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандарға бағытталды. Шалғай ауыл тұрғындары үшін жергілікті жерде жеке профилактикалық жұмыстар жүргізетін мобильді топтар құрылды.

– Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылықтың алдын алып, әр азаматқа заңға бағынатын өмір салтын таңдауға мүмкіндік беру, – деп атап өтті облысы Жетісу полициясы өкілдері.

Кешенді әрі атаулы тәсіл құқықтық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады. Өйткені тәртіп – профилактикадан басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру