Жетісу облысында қылмыстық топтың мүшелеріне сот үкімі шықты
Жетісу облысында қылмыстық топтың мүшелеріне сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жаркент қаласының үш тұрғынына қатысты үкім шығарды. Қылмыстық топқа қатысушылардың әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Топтың қылмыстық әрекетін анықтауға және жолын кесуге бағытталған арнайы іс-шаралар өткен жылдың жазында Панфилов ауданында өткізілді. Ұзақ жұмыс барысында есірткі сатушылардың әрекеттері ресми түрде құжатталған. Есірткіні (марихуана мен гашиш) өткізу интернет желісін пайдалана отырып, «салу» жолымен жүргізілгені анықталды. Санкцияланған тінту кезінде ұсталғандардан 1 келіден астам есірткі тәркіленді, – дейді ПД-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.
Сотталған адамдар жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде орташа қауіпсіздікте өтейтіні нақтыланады. Сот үкімі заңды күшіне енді.