Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шара өтті

Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Текеліде зиянды әдеттерден бас тартуды насихаттауға бағытталған “Денсаулық – сәлем! Нашақорлыққа – жоқ!” атты спорттық-интеллектуалдық ойын өтті. Іс-шараны полиция қызметкерлері, прокуратура, білім бөлімі және “Жақсылық жаса! Текелі” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жарысқа қала мектептерінен 8 команда қатысты. Оқушылар тек спорттық дайындықтарын ғана емес, сондай-ақ зияткерлік қабілеттерін де көрсетті. Алты кезеңнен тұратын сайыс барысында қатысушылар тапқырлық, жылдам ойлау және командалық рух танытты. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтті, ал ойыншыларға қолдау көрсетуге 100-ден астам оқушы жиналды.

Эстафета жеңімпазы №6 мектептің “Барс” командасы атанды. Екінші орынды №7 мектептің “Қыран” командасы иеленсе, үшінші орын №3 мектептің “Болашақ” командасына бұйырды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді, ал жеңімпаздар білім бөлімінің басшысы атынан грамоталармен марапатталды. Прокуратура белсенді оқушыларға алғыс хаттар табыстап, “Жақсылық жаса! Текелі” қоғамдық бірлестігі қатысушыларға арнайы сый-сияпат жасады.

Мұндай бастамалар жастардың жауапкершілік пен патриоттық сезімін дамытуға ғана емес, сонымен қатар салауатты болашақты таңдауына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру