Жетісу облысында серіктесін пышақтап өлтірген жұмысшы ұсталды
Жетісу облысында серіктесін пышақтап өлтірген жұмысшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Дерек Алакөл ауданында тіркелді.
3 қыркүйек күні Ақтүбек ауылындағы жеке үйлердің бірінен пышақ жарақатымен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Жәбірленуші жергілікті кәсіпкерлердің бірінің алқаптарын өңдеумен және суарумен айналысатын жалдамалы жұмысшылар бригадасының құрамына кіргені белгілі болды. Ер адам жұмысшылардың бірімен алкоголь ішімдік ішкен кезде пышақ жарақатын алған.
Серіктесін өлтірген күдікті бұрын сотты болғаны анықталды. Ол қылмыс орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен. Дабыл бойынша көтерілген аудандық полицияның жеке құрамы іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, жақын орналасқан дала аймағын тексерді. Нәтижесінде күдікті елді мекеннен үш шақырым жерде ашық далада ұсталды.
Қазіргі уақытта ұсталған адам серіктесін өлтіргенін мойындады. Пышақ табылып, қылмыстық іс материалдарына қоса тігілді. 25 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша жүргізілуде, оның шеңберінде аса ауыр қылмыстың барлық мән-жайлары анықталатын болады.