Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында студенттерге интернеттегі қауіпсіздік туралы дәріс оқылды

Жетісу университетінде студенттерге интернеттегі қауіпсіздік пен құқықтық мәдениет туралы дәріс оқылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу университетінде полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен құқықтық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздік тақырыбында дәріс өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің заң нормалары, қоғамдағы тәртіп ережелері және оларды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы түсінігін арттыру.

Полицейлер әсіресе интернеттегі қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды. Технологиялардың қарқынды дамуына байланысты бұл тақырып күннен-күнге өзектілігін арттыра түсуде. Студенттерге жеке деректерді тарату қаупі, киберқылмыскерлерден қорғану жолдары және интернеттегі заңсыз әрекеттерге қатысудың салдары туралы ескерту жасалды.

Сонымен қатар дәріс барысында қылмыстық жауапкершіліктің негізгі қағидаттары түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді. Полицейлер күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау маңыздылығын атап өтіп, студенттерді құқықтық мәдениетті өзінен бастауға шақырды.

Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды: жастар белсенді сұрақ қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Университет өкілдері полиция қызметкерлеріне мазмұнды кездесу үшін алғыс айтып, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру