Жетісу облысында тұрғынның телефонын ұрлап, заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Жетісу облысында тұрғынның телефонын ұрлап, банк қосымшалары арқылы заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының Ақши ауылында полицейлер ұрлықпен қатар банк қосымшалары арқылы жасалған алаяқтықты әшкереледі.
2025 жылғы 19 шілдеде “М” демалыс үйінде аспаздың iPhone X телефоны жоғалып кеткен. Жәбірленуші шығынды елеусіз деп санап, полицияға жүгінбеген.
Алайда дәл осы ұрланған телефон кейін айтарлықтай қаржылық қиындықтарға себеп болды. Жаңа телефон сатып алған азамат банк қосымшаларын қайта қосқысы келгенде, ескі нөмірінің бұрынғы құрылғыға тіркеліп қалғанын анықтаған.
2025 жылғы 26 тамызда ол банк қосымшасына кіргенде, өз атына 28 мың теңгеге несие рәсімделіп, iPhone 16 Pro Max телефонын бөліп төлеуге алынғанын көрді.
Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушімен бірге жұмыс істеген әріптес-аспаз болып шықты. Күдікті телефонды ұрлап, деректерді пайдаланып, қымбат смартфонды бөліп төлеуге ресімдегенін мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.