Жетісу облысында тұрғынның үйінен есірткі табылды
Жетісу облысында тұрғынның үйінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Сарқан ауданының тұрғынын ұстады.
Тұрғылықты жеріне санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктінің жазғы ас үйінде ұнтақ тәріздес ақ түсті зат табылған.
– Ер адам қылмыстық-діни тұлға екені белгілі болды. Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасында.
Құқық қорғаушылармен тәркіленген зат жүргізілген сараптамаға сәйкес психотроптық санатқа жататын синтетикалық есірткі екені расталды.