Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында «Үздік маман – 2024» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды

Жетісу облысында «Үздік маман – 2024» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісуда патрульдік полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік маман – 2024» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

– «Үздік маман» атағы үшін облыстың барлық аумақтық бөлімшелерінен патрульдік полицияның 10 қызметкері күресті. Конкурсқа қатысушылардың барлығы патрульдік полицияның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің білім деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтті, атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтардан өтті. Әр қатысушы алғашқы медициналық көмек көрсету және автокөлікті басқару кезінде жылдам маневр жасау бойынша дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, олардың жауынгерлік күрес әдістерін меңгеру деңгейін тексерілді. Байқау қорытындысы бойынша Көксу АПБ патрульдік инспекторы полиция капитаны Арман Болдыбаев үздіктердің үздігі болды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов.

Бұл байқау үш кезеңде өткізіледі, өңірлік іріктеу жарыстарының жеңімпаздары мамыр айының ортасында республика бойынша үздік атағы үшін жарысады, ал жеңімпаз ТМД құрамындағы мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерінің халықаралық кәсіби шеберлік конкурсында біздің еліміздің атынан қатысатын болады.

– Патрульдік полиция тәулік уақытына және ауа-райына қарамастан азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын ІІО негізгі қызметтерінің бірі. Біздің жеңімпазға конкурстың алдағы кезеңдерінде сәттілік тілеймін, – деді Қ. Мұхметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру