Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында заңсыз айналымнан 13 қару тәркіленді

Жетісу облысында он күн ішінде заңсыз айналымнан 13 қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы он күнде Жетісу полицейлері заңсыз айналымнан 13 атыс қаруын, бір граната мен 300-ге жуық түрлі калибрлі оқ-дәрілерді тәркіледі.

Талдықорғанда облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тексеру кезінде 16 калибрлі аңшылық шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Қаруды ол өзімен бірге қандай мақсатта алып жүргені анықталып жатыр. 5 наурызда Көксу ауданындағы Балпық би ауылының шетінде жергілікті тұрғындар 9 мм калибрлі 246 патроны бар қару жасырылған жерді тапты.

– Атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркілеу фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр,дейді Жетісу облысы ПД КПБ.

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері 1400-ге жуық азаматтық қару иелерін тексерді, олардың 80-нен астамы қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру