Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында "Жалған нөмір" іс-шарасы қорытындыланды

Жетісу облысында "Жалған нөмірлер" іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында 2026 жылғы 8-10 қаңтар аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған "Жалған нөмірлер" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жалған, оқылмайтын немесе талаптарға сай емес орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері бар көлік құралдарын пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау болды.

Үш күннің ішінде полиция қызметкерлері барлығы 900 құқық бұзушылықты анықтады. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін, оқылмайтын немесе белгіленген орыннан тыс орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралдарын басқару — 143 құқық бұзушылық, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз, пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқару — 51 дерек, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану — 255 құқық бұзушылық, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді қолданбау бойынша — 431 құқық бұзушылық тіркелді.

Арнайы айып тұрағына 45 көлік құралы қойылды, оның ішінде екеуі шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар автокөліктер.

— Жол қозғалысы қауіпсіздігі — бұл формальдылық емес және тек полицияның міндеті ғана емес. Бұл — ең алдымен әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігі. Қағидаларды сақтау — бұл сақталған өмір, адамдардың денсаулығы және әрбір отбасының тыныштығы, — деп атап өтті Жетісу облысы ПД қызметкерлері.

Ведомствода мұндай профилактикалық іс-шаралар жазалау үшін емес, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, апаттылық деңгейін төмендетуге және қайғылы салдардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, мұқият әрі жауапты болуға шақырады — өйткені жолдағы тәртіп жалпы қауіпсіздіктің негізі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру