Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігі күшейтілді

Жетісу облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігі күшейтілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері білім беру органдарымен бірлесіп 475 тексеру жүргізді. Профилактикалық іс-шаралар демалыс және мереке күндері де жалғасты.

Нәтижесінде 2500-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Негізгі бұзушылық — жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүруі: мұндай 2060 жағдай тіркелді.

Балалардың қауіпсіздігі — басты міндеттердің бірі. Өткен жылдың 16 маусымынан бастап Әкімшілік кодекске ата-аналардың немесе қамқоршылардың бала тәрбиесіне, білім алуына және қауіпсіздігіне жауапкершілігіне қатысты өзгерістер енгізілді.

Балалардың тұрмыстағы қауіпсіздігі де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Атап айтқанда, ашық терезелер 2-ден 7 жасқа дейінгі балалар үшін үлкен қауіп төндіреді. Бұл жастағы балалар терезе маңындағы ойындардың қаншалықты қауіпті екенін толық түсіне бермейді, сондықтан ата-аналарға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Учаскелік инспекторлар өз аумақтарының тұрғындарымен тұрақты кездесіп, ақпаратты ауылдық және үй чаттарында таратуда. Ювеналды полиция инспекторлары ата-аналар жиналыстарында балаларды қадағалаудың маңыздылығы мен олардың қауіпсіздігіне жауапкершілік туралы еске салып келеді.

Сонымен қатар шомылу маусымының басталуына байланысты полиция қызметкерлері су айдындарын бақылау және судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу жұмысын күшейтті.

Профилактика, бақылау және халықпен өзара іс-қимыл — өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты құралдары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру