Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында Жеңістің 80 жылдығына орай балалар арасында сурет байқауы өтті

Жетісу облысында Жеңістің 80 жылдығына орай балалар арасында сурет байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция департаментінде полиция қызметкерлерінің балалары арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сурет байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу және ата-бабаларымыздың ерлігіне деген алғыс сезімін білдіру.

Балалар өз туындылары арқылы бейбітшіліктің, батырлықтың және елге деген сүйіспеншіліктің маңызын жеткізді. Сайысқа ұсынылған жұмыстар шынайы эмоция мен терең мағынаға толы болды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Қаратал аудандық полиция бөлімі иеленді. Екінші орынды ақпараттандыру және байланыс басқармасы мен Талдықорған қалалық полиция басқармасы бөлісті. Ал үшінші орынды Ескелді аудандық полиция бөлімі, Текелі қалалық полиция бөлімі және Талдықорған қалалық полиция басқармасы өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар байқауға белсенді қатысқан барлық отбасыларға алғыстарын білдіріп, мұндай шаралар өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру