Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған

Жетісу облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу ауданында патрульдік полицейлер Toyota Camry көлігін мас күйінде басқарған 32 жастағы ер адамды ұстады. Жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны медициналық сараптамамен расталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары құқық бұзушының мас күйінде көлік басқарғаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады.

– Деректер базасын тексеру кезінде ұсталған азамат 2022 жылдың наурыз айында Қапшағай қалалық сотының шешімімен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жүргізушіге қатысты құқық бұзушылықтың қайталануын ескере отырып, ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Ақсу аудандық полиция бөлімінің қызметкері.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамға бес мың АЕК-ге дейін айыппұл,түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру