Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 22 ЖКО тіркелді

Жетісу облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 22 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Жетісуда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 22 жол-көлік оқиғасы тіркліп, онда 4 адам қаза тапты.

Бүгін полицейлердің назары қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемей, жол-көлік оқиғаларын тудыратын жаяу жүргіншілерде. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол апаттарының саны 33 пайызға төмендеуіне қарамастан, өңірдің тәртіп сақшылары мақсатты жұмысты жалғастыруда.

Өткен жылы полицияның бастамасымен жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде белгілі бір жұмыстар атқарылды: үй жануарларының 6 макеті, 228 балалардың макеті және жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында 24 билборд орнатылды. Бұдан басқа, 24 бағдаршам нысаны, 2081 жол белгісі, 92 өнеркіәсіптік жолмен жасалған жасанды кедергі орнатылды. Сонымен қатар 6,9 км көше жарығы және 45,4 км тротуар жолы орнатылды. Бұл ретте, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерінің жанында 4 жарқылдауық маяк (стробоскоптар) орнатылды, оларға жүргізушілердің назарын аудару рөлі беріледі, құрылғылардың жұмысы тәулік уақытына және ауа райына байланысты емес.

– Жол қателікті кешірмейді. Қанша жерден жылдамдықты асырмадым дегеннің өзінде барынша сақ болу керек. Азаматтарға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық шағылыстыратын элементтерді киюді ұсынамыз. Бұл өтініш жол қозғалысына қатысушылардың барлығына, әсіресе балалар мен қарттарға қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты егде жастағы адамдарға жол жағдайын дұрыс бағалау және қарқынды жол қозғалысы жағдайында бағдарлау қиынға соғады. Ал балалар – жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санатына жатады. Оларды қорғаңыздар, себебі олар біздің болашағымыз, – деп түсіндірді ЖПБ бастығының орынбасары О.Отаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру