Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының автожолдарында «Крис-п» фоторадарлары мен арнайы дрондар іске қосылды

Жетісу облысының автожолдарында қауіпсіздікті бақылау үшін «Крис-п» фоторадарлары мен арнайы дрондар іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігі бойынша арнайы құралдар («Крис-П» дрондары мен үш аяқты құрылғы) негізінен республикалық маңызы бар трассаларда пайдаланылатын болады. Нақтырақ, Жетісу облысы бойынша Алматы – Өскемен тас жолында.

– «Крис-П» фоторадар кешені мен дрондар көбіне жылдамдық режимінен асып кету, тыйым салынған қарсы жолаққа шығу, озып кету сияқты ауыр құқық бұзушылықтарды анықтау үшін аса қауіпті учаскелерде қолданылатын болады, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ППБ командирі Мәди Арғынбаев.

Жалпы, жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдарда 33 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 800 фактіні дрондар, ал 6 мыңнан астамын «Крис-П» тіркеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру