Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының екі тұрғыны заңсыз марихуана өсірген

Жетісу облысының екі тұрғыны заңсыз марихуана өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу және Панфилов аудандарында полиция ұйымдастырған рейд барысында екі есірткі алқабы анықталды. Рейдтер «Канал-тосқауыл» және «Қарасора» профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.

– Ақсу ауданындағы Қапал ауылының 52 жастағы тұрғынының жеке учаскесінен 29 бұта марихуана түп-тамырымен жұлынды. Сондай-ақ Панфилов ауданының 50 жастағы тұрғыны ұсталды, Жаркент қаласында тұрғылықты жері бойынша жалпы салмағы 32 келіден асатын құрамында есірткі заттары бар өсімдіктің 10 бұтасы табылды. Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 20-ға жуық фактісі анықталды. Сонымен қатар, полицияның күшімен 16 есірткі сатушының қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 200 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру