Жетісу облысының полицейлері әскери бөлімдерде есірткіге қарсы сабақ өткізді
Жетісу облысының полицейлері әскери бөлімдерде есірткіге қарсы сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары нашақорлықпен күресудің ең жақсы тәсілдерінің бірі – алдын алу екеніне сенімді. Жетісу полицейлері өңірдің әскери бөлімдеріне өткен жылы шақырылған әскери қызметшілер арасында есірткіге қарсы құқықтық түсіндіру іс-шараларын бастады.
Нашақорлықты алдын алу тақырыбында мерзімді сарбаздармен өткізілген сабақтар, дәрістер, кездесулер «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды» іске асыру шеңберінде Жетісу облысы гарнизонының әскери полиция бөлімінің көмегімен ұйымдастырылды.
– Синтетика, яғни химиялық жолмен өндірілген есірткінің белсенді таралуы аясында жастар есірткіні тұтынушылар, сондай-ақ есірткі таратушылар қатарында да, оңай бола алады. Мәселенің барлығы осыда, жастар әрқашан қауіпті нақты бағалай алмайды. Өйткені, синтетикаға тұрақты тәуелділік оны алғаш қолданғаннан бастап пайда болады,–деп атап өтті Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.
Өңірдің әскери бөлімдеріне барған кезде жас әскери қызметшілердің алдында облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері де сөз сөйлеп, есірткіні қолданудың салдары туралы түсіндіріп, баяндайды. Тәртіп сақшылары өз кезегінде оларды таратқаны үшін заңнамалық жауапкершілік туралы хабарлады.
Бір жыл ішінде өңірдің заңсыз айналымынан 302 келі есірткі, оның ішінде 4 келіге жуық синтетика тәркіленді.