Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері колледж студенттеріне профилактикалық іс-шара өткізді

Жетісу облысының полицейлері колледж студенттеріне «Нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырып, профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған ҚПБ жергілікті полиция қызметі және облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологымен бірлесіп, «Нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде Талдықорған жоғары Политехникалық колледжінде 330 студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізді.

–Нашақорлық пен есірткі құқық бұзушылығы – бұл көп адамдардың өміріне жойқын әсер ететін күрделі әлеуметтік мәселе. Бұл жеке адамдардың денсаулығы мен өмірін бұзып қана қоймай, жалпы қоғамға қауіпті. Алайда есірткіге тәуелділіктің және онымен байланысты қылмыстардың алдын алу үшін бірқатар профилактикалық шаралар бар, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарыс іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Меруерт Искакова.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдері жақсы өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану және спортпен шұғылдану қажеттілігі туралы дәлелдер келтірді. Мұндай іс-шаралар біздің еліміздің өскелең ұрпағын есірткіні тұтынуға мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеуге, оларды осы зиянды тәуелділіктен қорғауға бағытталған. Есірткі – бұл ешкімді аямайтын нағыз зұлымдық. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру