Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері оқушылар арасында шахматтан турнир ұйымдастырды

Жетісу облысының полицейлері оқушылар арасында шахматтан турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полицейлері оқушылар арасында «Спорт есірткіге қарсы!» ұранымен шахмат турнирін өткізуге бастамашы болды.

Зияткерлік спорттық іс-шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды, оған өңірдің 9 ауданынан келген жас шахматшылар қатысты.

 – Осындай іс-шараларды ұйымдастыру жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудың, сонымен қатар өскелең ұрпаққа есірткінің қауіптілігін түсіндірудің тағы бір мүмкіндігі. Бұл жолы шахмат турниріне қатысушылар зияткерлік ойынның интеллект пен логиканы, сабырлық сақтау пен қарсыластың жүретін қадамын алдын-ала есептей білуге үйрететін пайдалы ойын екендігін дәлелдеді, балаларды шахматқа баулу арқылы зиянды нәрселерге тәуелді болмау көзқарасын қалыптастырамыз, – дейді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. Барлық жас шахматшыларға сыйлықтар тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру